378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландта ұшқышсыз такси көшірмесі сынақтан өткізілді

  • 257
  • UPD: 07:47, 02.12.2018
Нидерландта ұшқышсыз такси көшірмесі сынақтан өткізілді

Нидерландтағы дрондар көрмесінде алғаш рет Pop.Up Next ұшқышсыз таксиі сынақтан өткізілді.

Бірақ көліктің өзі емес, шағын көшірмесі тексерілді. Квадракоптер, екі орындықты капсула және дөңгелектен тұратын такси әуемен де жермен де қозғала алады. Жобаны жүзеге асырушылар Audi, Airbus және Ital-Design компаниялары. Мамандар әзірге модульдық емес ұшатын такси шығаруды көздеп отыр. Дегенмен сарапшылар «мұндай көліктер шаһарларда жуық арада пайда бола қоймас» дейді. Өйткені оның қызметімен байланысты көптеген мәселе әлі шеішімін тапқан жоқ. 

Жан-Брис Дюмон, Airbus компаниясының өкілі:

- Ұшқышсыз таксилерді қолданысқа енгізу үшін көптеген мәселені шешу керек. Ол көлік құралының өзіне, қауіпсіздігіне, инфрақұрылымға және заңнамаға қатысты. Сондықтан әуе таксиі қызметін іске қосқанша он шақты жыл кететін шығар.

Хабар 24 телеарнасы