389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Сомалидегі лаңкестерге әуеден соққы берді

  • 548
  • UPD: 11:45, 03.12.2018
АҚШ Сомалидегі лаңкестерге әуеден соққы берді

АҚШ әуе күштері Сомалиде «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымының содырларына соққы беріп, 9 лаңкестің көзін жойды.

Операция кезінде ешбір бейбіт тұрған зардап шекпеген. Бұл туралы Американың Африкалық әскери қолбасшылығы мәлімдеді. Әскерилердің айтуынша, қарулы топтарға қарсы операция Лебеде таулы аймағында, жергілікті жаСақтарға қолдау көрсету мақсатында  жүзеге асырылған. Айта кетейік, «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымы Сомали аумағында 2004 жылдан бері әрекет етеді. Олардың мақсаты - АҚШ және Эфиопияның қолдауымен құрылған орталық үкіметті құлату. Сондай-ақ осы елдегі Африкалық одақтың бітімгерлерін елден шығаруды қалайды.

Хабар 24 телеарнасы