376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ 21 елге көмек көрсетпек

  • 676
  • UPD: 09:43, 05.12.2018
БҰҰ 21 елге көмек көрсетпек

БҰҰ әлеуметтік дағдарыспен күресу үшін донор елдерден 22 миллиард доллар көлемінде қаржы сұрады.

Бұл қаражат 21 елге көмек көрсету үшін жұмсалады. Ең ауқымды дағдарыс бүгінде Йемен мемлекетінде тіркеліп отыр. Ұйымдастырушылар 4 миллиард долларды осы елге аудармақшы. БҰҰ хабарлауынша, Йемен үкіметіне бұдан да бөлек қосымша қаржылай қолдау қажет.

Марк Локок, БҰҰ ьөтенше көмек бойынша координатор:

- Басқа елдермен салыстырғанда Йемендегі жағдай өте мүшкіл. Мемлекетте тұратын 24 миллион адамның 75 пайызы әлеуметтік көмекке мұқтаж. БҰҰ жиналған қаржыны осы елге бөлмекші. Және, ең бастысы, мұндай дағдарыстың алдын алу үшін елдің үкіметіне де қолдау көрсету қажет. Сонда билік өкілдері маңызды салаларды қаржыландыра алады. Йемен мұнайға тәуелді. Шикізаттан түсетін кірістің азаюы елді осындай халге жеткізіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы