384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда түнгі клубта болған қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

  • 500
Италияда түнгі клубта болған қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды Униан

Анкона қаласындағы түнгі клубта адамдардың өліміне темір жақтаулардың құлауы себеп болуы мүмкін.

Бұл туралы шаһар полициясы мәлімдеді. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Еске сала кетейік, Италияның Анкона қаласында жергілікті рэпердің концерті кезінде оқыс жағдай болып, 6 адам көз жұмды. Тағы 118 кісі жарақат алды. Оқиға жастар арасында танымал клубтардың бірінде тіркелді. Кешке келген көрермендердің бірі адамдарға ащы спрэй шашып, концертке жиналғандардың арасында үрей туған. Содан сыртқа шығуға ұмтылған кісілер бір-бірін итеріп, есік алдында тапталып қалған. Оқиға кезінде ғимаратта мыңға жуық адам болған.

Хабар 24 телеарнасы