384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгия үкіметтік дағдарыстан қалай шығады?

  • 352
  • UPD: 10:33, 11.12.2018
Бельгия үкіметтік дағдарыстан қалай шығады?

Өткен демалыс күндері бельгиялық билік үшін жайсыз өтті.

Елді Франциядан келген «жанармай ереуілі» шарпып, сенбі күні үкіметтік дағдарыс орын алды. БҰҰ-ның көші-қон фактісі бойынша туындаған түсініспеушілік салдарынан үкіметтен үздік коалициялық партия «Жаңа Фламандтық альянс» кетті. Артынша партияның бес бірдей жақтасы Шарль Мишельдің кабинетінен шығатындықтарын жеткізді. Осылайша ішкі істер министрлігінің басшысы, қорғаныс министрі, қаржы министрі және көші-қон мен әлеуметтік саясат жөніндегі екі мемлекеттік хатшы орындарын босатты. Конституция бойынша елде мұндай дағдарыс орын алған жағдайда жаңа министрлер кабинетін тағайындау мәселесін король немесе парламент шешуі тиіс. Дегенмен бельгиялықтар ешқандай сайлаусыз лауазымға жаңа кандидаттарды тағайындайтын болды.

Шарль Мишель, Бельгия премьер-министрі:

- Бүгінгі таңда жерлестеріміз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», жауапкершілік танытуы өте маңызды. Мен премьер-министр ретінде өз міндетімді атқарып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында қызмет ететін боламын.

Хабар 24 телеарнасы