389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ дүниежүзілік миграциялық пактіні қабылдады

  • 575
  • UPD: 15:36, 11.12.2018
БҰҰ дүниежүзілік миграциялық пактіні қабылдады UIB

Чилиде БҰҰ-ның үкіметаралық конференциясында жиналған 150-ден астам елдердің көбі миграция жөнінде дүниежүзілік пактіні қабылдады.

Қабылданған құжат заңсыз мигранттардың санын қысқартуға және келімсектерді еліне қайтарудың жолын қарастырады. Келісім әзірге ресми түрде дауысқа салынған жоқ және пактіге қол қойған елдер оны бұлжытпай орындауға міндетті емес. Өткен жылы АҚШ, Австралия, Израиль мен Еуропаның бірқатар елі бұл келісімді қабылдаудан бас тартқан болатын. Ал биыл олардың қатарына Чили де қосылды. Келісімді қолдайтындардың арасында Германия канцлері Ангела Меркель бар. Енді миграция жөнінде дүниежүзілік пакті желтоқсанның 19-ы күні БҰҰ-ның Бас ассамблеясының отырысында бекітілетін болады.

Луиза Арбур, БҰҰ Бас хатшысының халықаралық миграция жөніндегі арнайы өкілі:

- Бүгін өте маңызды шешім қабылдадық. Бұл құжат миграциялық дағдарысты халықаралық деңгейде реттеуге жол ашып, миллиондаған адамның өмірін өзгертуге ықпалын тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы