384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда жеті су қоймасы салынбақ

  • 391
  • UPD: 13:47, 11.12.2018
Өзбекстанда жеті су қоймасы салынбақ

Бұл туралы көрші ел басшысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құттықтауында мәлімдеді.

Шавкат Мирзиёев жаңа бөгеттердің негізінде суармалы жер көлемін арттыруға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Жаңадан тұрғызылатын су қоймаларының жалпы сыйымдылығы 45 миллион текше метрден асады. Соның негізінде алдағы екі жылда 1 миллион  200 мың гектар жер тұрақты сумен қамтамасыз етіліп, жылына 1 миллиард 700 миллион текше метр су үнемделеді. 600 мың гектар жердің құнары артады. Келесі жылы мемлекеттік бюджеттен суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту үшін шамамен 1,7 триллион сом, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарынан 84 миллион доллар бөлу жоспарланып отырғанын жеткізді. Жалпы өзбекстандықтар биылғы жылы 58 триллион 181 миллиард сомның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірген.

Хабар 24 телеарнасы