386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда жүргізушілер ереуіл жариялады

  • 297
  • UPD: 13:51, 11.12.2018
Германияда жүргізушілер ереуіл жариялады

Германияда метро мен өңірлік пойыздардың қозғалысы төрт сағатқа тоқтатылды.

Себебі немістік Deutsche Bahn теміржол компаниясының қызметкерлері ереуіл жариялады. Жүргізушілер жұмыс берушілерден 160 мың қызметкердің жалақысын көтеріп, ыңғайлы жұмыс кестесін қоюды талап етіп отыр. Егер Deutsche Bahn келісімге келмесе, кәсіподақ осы аптада ауқымды наразылық шарасын ұйымдастырмақ.

Айта кетейік, теміржолшылардың бұл ескертпе ереуілінің өзі көліктік күйреу тудырды. Берлинде, Мюнхенде және Гамбург қалаларында  шақырымдық кептеліс түзелді. Барлық мемлекет бойынша қоғамдық көлік уақытынан кешігіп жүріп жатыр. Deutsche Bahn компаниясы ереуілден келген шығынды есептеп жатыр.       

Ахим Стаусс, Deutsche Bahn өкілі:

- Ереуілге байланысты Германиядан шалғайға бағытталған пойыздарын тоқтаттық. Келіссөздер жүргізіп, қызметкерлерге жақсы шарттар ұсындық. Дегенмен кәсіподақ біздің ұсынысты қабылдамай, негізсіз наразылық шарасына шықты.

Хабар 24 телеарнасы