387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада мигранттар АҚШ елшілігінен виза талап етті

  • 329
  • UPD: 13:24, 12.12.2018
Мексикада мигранттар АҚШ елшілігінен виза талап етті

Тихуана қаласындағы АҚШ елшілігіне келген заңсыз мигранттар биліктен Құрама Штаттарына өту үшін рұқсат қағазды беруді талап етіп, петиция тапсырды.

Келімсектер қолдарына плакат пен елдерінің туларын ұстап консул орналасқан ғимаратқа қарай бет алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша петиция АҚШ-тың ресми өкілдеріне тапсырылды. Ал жуырда АҚШ билігі өзінің Гаванадағы елшілігін біржола жауып тастағанын хабарлады. Енді кубалықтарға да АҚШ визасын алу үшін Мексикадағы елшілікке баруға тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы