386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та қарлы бораннан адамдар қаза тапты

  • 350
  • UPD: 13:53, 12.12.2018
АҚШ-та қарлы бораннан адамдар қаза тапты

АҚШ-та екінші күн қатарынан қарлы боран ойран салды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, апаттан 3 адам қаза тапты.

Табиғаттың тосын мінезінен Солтүстік Каролина штаты көп зардап шеккен. Штаттың кей аймақтарында түскен қардың қалыңдығы жарты метрден асады. Көше жолдарында көк тайғақ. Салдарынан жүздеген жол апаты тіркелді. Өңірде әуе рейстері де кейінге шигеріп жатыр. Солтүстік және Оңтүстік Каролина, Вирджиния мен Теннеси штаттарында халық жарықсыз отыр. Жергілікті билік тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы