378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тереза Мэй: Қолдауға ие болғаныма қуаныштымын

  • 442
  • UPD: 00:17, 14.12.2018

Тереза Мэйге тағы бір мүмкіндік берілді. Арнайы дауыс беру кезінде премьер-министрді билік партиясы, яғни Консервативті партия депутаттарының басым көпшілігі қолдап, дауыс берді.

Ғалымжан Қараманұлы, twitter@baiimbet:

- Консервативті партия депутаттарының 63 пайызы Тереза Мэйді билік басында қалуы керек деп шешті. Ал қалған бөлігі оның Ұлыбританияны Еуропалық одақтан сәтті шығарып бере алатын көшбасшы екеніне күмәнданды. 

Грэм Брэйди, Консервивті партия 1922 комитетінің басшысы:

- Дауыс берудің нәтижесі Консервативті партияның шынымен де Терезе Мэйге сенетіндігін көрсетті. 200 адам премьерді қолдаса, 117-сі қарсы дауыс берді. Консервативті партия Конституциясында жазылған ережеге сәйкес бұдан кейін дауыс беру алдағы 12 ай ішінде жүргізілмейтін болады.

 Ғалымжан Қараманұлы, twitter@baiimbet:

- Алдағы парламент сайлауында Мэй партия көшбасшылығына үміткер ретінде дәмеленбейтін болады. Әріптестері алдында ол осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол партияластарын Британия халқының игілігі үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.  

Тереза Мэй, Ұлыбритания Премьер-министрі:

- Бұл өте маңызды күн болды, бірақ әріптестерімнің қолдауына ие болғаныма қуаныштымын. Десе де  депуттардың көпшілігі маған қарсы дауыс бергенін білемін. Мен олардың пікірін ескеремін. Енді бізге Брексит бойынша жұмысты жалғастырып, еліміздің жарқын болашағы үшін күресуіміз керек. 

Ғалымжан Қараманұлы, twitter@baiimbet:

- Алдағы бейсенбіде Мэй Брюссель саммитінде сөз сөйлеп, Еуроодақ көшбасшыларын келісімді қайта қарауға үгіттеуге ниетті. Бірақ соңғылары мәміле қайта қаралуы мүмкін емес деп қадап айтқан болатын.

Авторы: Ғалымжан Караманұлы

Хабар 24 телеарнасы