389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гута ғимараттары минадан тазарды

  • 302
  • UPD: 07:29, 14.12.2018
Шығыс Гута ғимараттары минадан тазарды Vesti.RU

Сириялық саперлар соғыс кезіндегі Шығыс Гутаның ғимараттарына қойылған миналарды тауып, оларды істен шығарды.

Мамандардың айтуынша, бұл жұмыс оңай соқпаған. Себебі ондағы үйлер мен ғимараттардың барлығы дерлік қирап қалған. Сондай-ақ билік өкілдерінің сөзінше, Харас қаласындағы қару-жарақ пен қолдан жасалған жарылғыш заттар сақталып келген қойманың көзі жойылған.

Айта кетейік, Шығыс Гута Дамасктың шет жағында орналасқан. 2011 жылғы азаматтық соғысқа дейін онда екі миллион адам тұрған еді. Елді мекен астанаға жақын болғандықтан, шиеленіс кезінде түрлі лаңкестік ұйымдар қаптай бастайды. Осы жылы Дамаск Шығыс Гута аймағын содырлардан тазалау операциясын бастады. Қазір лаңкестерден азат етілген өңірде қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Хабар 24 телеарнасы