380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлға бағыт алған ұшақта сәби дүниеге келді

  • 680
  • UPD: 10:27, 14.12.2018
Ыстамбұлға бағыт алған ұшақта сәби дүниеге келді

Габон астанасынан Ыстамбұлға бағыт алған түрік әуе компаниясына тиесілі ұшақтың бортында сәби дүниеге келді.

Жүкті әйелді экипаж мүшелері мен оның мамандығы бойынша дәрігер күйеуі босандырып алған. 32 жастағы Конго тұрғынының толғағы ұшақ әуеге көтерілген сәттен үш сағаттан кейін басталған. Әуе кемесі жерге қонған соң оларды шұғыл ауруханаға жеткізді. Мамандар босану сәтті өткенін айтады. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.

Хабар 24 телеарнасы