383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең сенімді көліктер тізімінде жапондық темір тұлпарлар көш бастады

  • 574
  • UPD: 08:39, 19.12.2018
Әлемдегі ең сенімді көліктер тізімінде жапондық темір тұлпарлар көш бастады

«Toyota» концернінің автокөліктері әлемдегі ең сенімді көліктердің көшін бастады.

Бұл тізімді CarMD америкалық компаниясының мамандары жариялады. Мамандар соңғы 22 жылда шыққан барлығы 5,6 миллион көлікті сараптамадан өткізіп, әрбір көлік маркасының қозғалтқышындағы олқылықтарды атап шықты. Ақыры Toyota автокөліктерінің қозғалтқышы ең жақсы нәтиже көрсетті. Тізімдегі екінші орында Acura, ал үшінші орында Hyundai автокөліктері тұр. Алғашқы бестікке Honda мен Mitsubishi көліктері кірді. Сонымен қатар мамандар Subaru, Buick, Mercedes-Benz, Lexus және Nissan автокөліктерінің сенімділігін де атап айтты.

Хабар 24 телеарнасы