386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда ауруханадағы өрттен 6 адам қаза тапты

  • 613
  • UPD: 11:16, 18.12.2018

Үндістанның Мумбай қаласындағы мемлекеттік ауруханалардың бірінде өрт шықты. Тілсіз жау 6 адамның өмірін қиды.

129 адам түрлі жарақат алды. Олардың көбі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жалынды ауыздықтау үшін 10 арнайы техника мен 15 жедел жәрдем көлігі жұмылдырды. Мамандардың айтуынша, қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Өрттің нақты не себептен шыққаны әзірге белгісіз. Болжам бойынша электр сымдарының тұйықталуынан шығуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы