384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британия парламенті Brexit бойынша қаңтарда дауыс береді

  • 306
  • UPD: 12:30, 18.12.2018
Британия парламенті Brexit бойынша қаңтарда дауыс береді

Ұлыбритания парламенті қаңтардың 14-і күні Брекситті қайта дауысқа салады.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Тереза Мэй мәлімдеді. Саясаткер шенеуніктерге Брекситтен бас тарқан жағдайда басқа келісім болмайтынын ескертіп айтты.

Естеріңізге салайық, Брексит бойынша сайлау желтоқсанның 11-күні өтуі тиіс еді. Алайда депутаттардың көбі Біріккен Корольдіктің Еуроодақ құрамынан шығуына қарсылығын білдіргендіктен отырысты кейінге қалдырған болатын. Жоспар бойынша Ұлыбритания одақ құрамынан келесі жылдың наурызында шығуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы