387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минскіде жаңа жылдық ойыншықтардың көрмесі ашылды

  • 717
  • UPD: 23:25, 18.12.2018

Минскіде жаңа жылдық ерекше ойыншықтардың әлем бойынша ең ауқымды топтамасы жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Көрмеге келгендер Канада, Қытай сынды бірнеше елдің көз тартар тауарларын тамашалай алады. Екі күннің ішінде көрмеге мыңға жуық адам келген.

Минскте жаңа жылдық ойыншықтардың әлем бойынша ең ауқымды көрмесі ашылды. Сөреге мерекелік бұйымдардың жүздеген түрі қойылған. Қонақтар ХІХ-ХХ ғасырдың да, қазіргі заманның да ойыншықтарын тамашалай алады. 

Андрей Пашко, көрме жетекшісі:

- Көрмемізде Вена балында қойылған шар бар. Бұл – австро-венгрлік империяның бұйымы. Бір кездері украиналық делегацияның Рим папасы Иоанн Павел ІІ-ге берген шарының көшірмесін де осы жерден көруге болады. 

Көрме сыйқырлы лабиринт түрінде жасалған. Еуропа, Азия елдерінен Австралия, Америка және Африкадан әкелінген ойыншықтардың түр-түрін осы жерден табасыз. Бұйымдар өте құнды. Кейбірінің көшірмесі тіпті еуропалық мұражайлардың өзінде жоқ. Әлем бойынша ең үлкен көрмеде қазақстандық ойыншықтарды да кездестіруге болады.

Ольга Бондарь, көрмені тамашалаушы:

- Бізге шырша музейі ұнады. Ойыншықтардың бірнеше түрі бар. Алған әсеріміз керемет. Тек балалар ғана емес, біз де тамаша бір күйге бөленіп жүрміз.

Көрмеге келгендер ойыншық жасау технологиясымен де таныса алады. Қажет болса шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік бар. Тек ойыншық емес, қонақтарға Солтүстік Корея, Иран, Конго, Перу, Руанда, Антигуа, Барбуда, Жаңа Зеландияның адамдары жаңа жылды қалай қарсы алатыны жайында да мәлімет беріледі. 

Авторлары: Қорған Төреқожа, Алексей Родионов, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы