386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минскіде картоп жеуден халықаралық чемпионат өтті

  • 522
  • UPD: 08:27, 19.12.2018
Минскіде картоп жеуден халықаралық чемпионат өтті

Жуырда Минскіде ерекше чемпионат түрі өтті. Шараға қатысқан ондаған қатысушы финалға шығу үшін барын салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дода шарты бойынша картоптан дайындалған тағамды ең көп жеген ойыншы жеңіске жетеді. Беларусь халқының дәстүрлі тағамы картоптан жасалған құймаққа ұқсайды. Жартылай финалға 7 ойыншы өтті. Олардың ішінде отандасымыз да бар. Топ жарғандар бірнеше аптадан кейін басты жүлдені қанжығалау үшін тағы да бақтарын сынайды.

Айта кетейік, жарыста Қазақстаннан басқа Ресей, Польша; Армения, Беларусь, Әзірбайжан, Украина да бар.

Плавинский Владимир, жарыс ұйымдастырушысы:

- Ең үздік көрсеткішке жеткен ойыншы 55 секунд ішінде алдындағы барлық картопты құймақты жеп үлгерді. Ал қалған қатысушыларда 1,5 ыдыс тамақ қалған болатын. Жеңімпаз дайындалмай келіп, күтпеген жерден жеңіске жеткенін айтып, ақтық сынға мықтап дайындалатынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы