387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияның солтүстігінде 600-ге жуық үй өртеніп кетті

  • 373
  • UPD: 09:12, 19.12.2018
Бразилияның солтүстігінде 600-ге жуық үй өртеніп кетті

Бразилияның Манаус қаласында өрт шығып, 600-ге жуық тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 4 адам зардап шеккен. Мерт болғандар жайлы мәлімет жоқ. Амазон штатының құтқару қызметі қызыл жалын салдарынан шамамен 2500 адам баспанасынан айырылғанын хабарлады. Аймақта соққан желден өрт жақын маңдағы ағаштарды, кейін көрші үйлерді лезде шарпыған. Тілсіз жаумен күресуге жүзден астам маман жұмылдырылды. Өрт себебі әлі белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы