386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрияда жаңа еңбек кодексіне қарсы шерулер толастамай тұр

  • 486
  • UPD: 21:57, 19.12.2018

Мемлекеттік телеарна екі оттың ортасында қалды. Дүйсенбі күні ашынған мыңдаған жұрт дәл осы ұлттық хабар тарату ұйымының маңына жиналды.

Ал опозициялық партияның бірнеше депутаты ғимаратқа басып кірді. Жағдайдың ушыққаны соншалық, саясаткерлер үнсіз отырған үкіметке ереуілшілердің талабын тікелей эфирде жеткізбек болған. Дегенмен, депуттардың бұл жоспары жүзеге аспады. 

Жольт Молнар, Оппозиялық партияның депутаты:

- Өте сұмдық жағдайға куә болдық. Парламент мүшесіне күш қолданып, сыртқа шығарып жіберді. Бұл құқықтың тапталуы деген сөз.

Балаш Барани, Социалисттік партияның мүшесі:

- Біздің талабымыз айдан анық. Үкімет қабылдаған заң жобасының көзін жоюы тиіс. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары Венгрияда не болып жатқанын жасырмай, көрсетуі керек. 

Елдегі ереуіл 12 желтоқсан күні тұтанды. Бұл күні парламент еңбек кодексіне өзгертулер енізген болатын. Кәсіподақ жаңа заң жобасын «Құлдық туралы заң» деп бағалады. Шынында, жаңа ереже бойынша жұмыс берушілер енді қызметкерлеріне жылына 400 қосымша жұмыс сағатын жүктей алады. Сондай-ақ оның ақысын үш жыл ішінде асықпай өтеуіне болады. Елдегі бизнес саласын өрлетемін деген Орбан бұл заң арқылы халықтың шамына тиді. Жеті күн ішінде 15 мың адам наразылық шарасына шықты. Ереуіл соңы, тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Оппозицияға қарсы көзді жасаурататын газ қолданылды. Оннан астам адам темір торға қамалды. Ал кәсіподақ пен қоғамдық ұйымдардың қарсылығына қарамастан үкімет заңды бекітті.  

- Мен үкміеттің саясатына әбден тойдым! Шаршадық, қажыдық. Билік ойына келгенді жасап отыр. Мына жиналған халықтың барлығы осындай пікірде.

- Орбан тек байлар үшін жағай жасап жатқандай. Азаматтардың құқығы тапталып отыр. Не деген сұмдық бұл. Бізге демократия керек!

Соңғы сегіз жылда 600 мың адам елден безіп кеткен. Тұрғындардың басқа мемлекеттерге көшуіне  саяси ахуалдың тұрақсыздығы, білім мен медицина  сапасының төмендігі сеп болған. Енді билік  жұмысшы күшінің тапшылығын осы қосымша сағаттармен толтырмақ көрінеді. Одан бөлек наразы халықтың сот реформасына да көңілі толмай отыр. Сот жүйесі енді әділет министрлігінің бақылауында болады. Бұл заң жобаларына оппозицияның қарсы болғанына қарамастан билік әлі де жұмған аузын ашпай, үнсіз отыр. Себебі олар мұның бәрін қасақана ұйымдастырылған әрекет деп, сасар емес. 

Золтан Ковач, Венгрия үкіметінің ресми өкілі:

«Үкімет наразылық шараларына назар аудармайды. Себебі ереуілшілердің қатарында белсенді саясаткерлерді көріп отырмыз. Соңғы екі жыл бойы оларды Сорос ұйымы қаржыландырып келеді. Дәл осы адамдар елде көтеріліс ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ тәртіп сақшылары өз жұмысын жасап жатқандығын айта кетейін. Жиналған топ агрессивті әрекетке баруда. Сондықтан да  полицейлер күш қолдануда». 

Орбан үкіметі осылайша бар кінәні Джордж Соросқа жапты. Американдық миллиардер бұл айыптың негізсіз екенін айтып, мойындамады. Ал өз кезегінде оппозициялық партиялар болса, жергілікті тұрғындарды ереуілге шығуға әлі де үгіттеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы