378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилиялық мақта экспортына сұраныс артып келеді

  • 399
  • UPD: 23:24, 20.12.2018

Латын Америкалық мемлекет бұл салада әлемдегі көшбасшы елге айналуды мақсат етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге Бразилияның алдын АҚШ орап тұр.

2030 жылға қарай АҚШ-ты басып озып, мақта экспортының көшін бастау. Биыл Бразия әлемдегі мақта сатылымы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. «Ақ алтынның» екі млиионнан астам тоннасы шетелдік нарыққа өтті. Ал ішкі нарыққа тек 700 мың тоннасын өткізу жеткілікті болған. Бұл жаман нәтиже емес, десе де сарапшылар бұл межеден асуға болатынын айтады.

Сантьяго Девейра, эколог:

- Үкімет мақта өнідірісінің көлемін арттыруды көздеп отыр. Бұл ретте 2019 жылдың жоспары белгіленген. Қазіргі таңда экологтар елдің оңтүстігіндегі плантацияларды талдаудан өткізуде. Мақтаның жаңа өндірісі сол аймақта шоғырланатын болады.

Бразилияның мақта өндірушілері бірлестігінің болжамынша, келер жылы өнім егілетін алқаптың көлемі 10% ұлғайтылады. Мақта өндірісі бойынша жетекші елдердің бірі Үндістанмен салыстырар болсақ, ол егістік алқабын тек 2% өсірмек.

Сержио Каррара, шаруа:

- Біз енді экономикалық мәселеге бас ауыртпауға тырысамыз. Бізге ең бастысы - мақтаны отырғызып, дер кезінде жинап алу. Одан кейін бағасы жайлы әңгіме бастауға болады. Бұл мәселені де сарапшылардың еншісіне қалдырмақпыз.

Шаруалардың пікірінше, өңделмеген мақтаға байланысты мәселе туындауы мүмкін. Бәсекелестер өз өнімін тезірек өткізу үшін бағаны үнемі төмендетіп жатады. Бұл ретте Қытай мақта саудасындағы басты қарсылас. Десе де, мақтаға деген жоғары сұраныс шаруаларды егістік алқабын кеңейтуге ынталандырады.

Авторлары: Анна Орлова, Жуэль Франзони

Хабар 24 телеарнасы