389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-Қытай сауда тартысы Бразилияға кесірін тигізді

  • 487
  • UPD: 11:52, 21.12.2018
АҚШ-Қытай сауда тартысы Бразилияға кесірін тигізді

АҚШ пен Қытай арасында тұтанған сауда соғысы бразилиялық шаруаларды қиын жағдайға қалдырды.

Әу бастан Бразилия Қытайға соя мен мақта жеткізетін сенімді серіктеске айналуы тиіс еді. Алайда оған қоса АҚШ бразилиялық жүгеріні импорттауға.. ниет танытқан болатын. Осылайша жергілікті шаруалар  екі оттың арасында қалған. Кей мәліметтер бойынша, АҚШ Бразилияның жүгері экспортын 10 есеге арттырған. Бұл Қытайдың Латын Америкадағы ықпалын әлсірету үшін жасалған қадамы деген күдік бар. Енді шаруалар екі елдің бірін таңдауы тиіс. Саудада достық жоқ. Десе де, қабылданған шешім бір ел үшін пайда әкеліп, бәсекелес екінші елмен арақатынасты нашарлатқалы тұр. 

Хуло Лаптено, шаруа:

- Күніне 150-200 доллар табысты жоғалтып жатырмыз. Шаруалар тер төгіп, аянбай еңбек етуде, ал өнімін сата ала ма? Бұл белгісіз. Қоймаларымыз мақтаға толы. Сояны қай елге сатарымызды білмей дал болдық. Қазіргі саяси жағдай бізді тыпыр еткізбей отыр. Ал шығын шаш етектен. 

Жаор Мидейро, экономист:

- Сауда соғысы басталмай жатып тығырыққа тірелдік. Бразилия қос елмен тығыз сауда қатынасын орнатқан. Себебі екі елдің нарығы да стратегиялық маңызға ие экспорт нарығы саналады. Ал енді таңдау жасауға тура келіп отыр. Сауда дауының салдарынан бірнеше миллион доллардың келісім-шартынан айырылып қалдық. Ары қарай не болары белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы