386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің бас шыршасы Кремльге жеткізілді

  • 577
  • UPD: 13:16, 21.12.2018
Ресейдің бас шыршасы Кремльге жеткізілді

Жаңа жылдың басты нышаны межелі жеріне жеткенше полицияның күшейтілген күзетінде болды.

Кремль аймағына шыршаны Спасс қақпасы арқылы өткізді. Айта кетерлігі, қақпа жылына тек 2 рет ашылады. Желтоқсан айында жаңа жылдық шыршаны Кремльге кіргізу үшін, ал мамыр айында Ұлы жеңісті тойлау кезінде қақпа есігі айқара ашылады. Шырша шіркеу алаңында орнатылады. Ең үлкен қылқан жапырақты ағашы Мәскеудің орман шаруашылығында таңдалып алынған. Оның биіктігі 27 метр. Жаңа жылдық шыршаны безендіру желтоқсанның 24-не дейін жалғасады. Оған 1,5 шақырым жарық шамдар орнатылады.

Хабар 24 телеарнасы