377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париждегі ботаникалық бақ шамдармен безендірілді

  • 593
  • UPD: 13:41, 21.12.2018
Париждегі ботаникалық бақ шамдармен безендірілді

Жаңа жыл мерекесі алдында Париждің ботаникалық бағы түрлі жануар пішіндегі шамдармен безендірілді.

Ол жерден Африка мен Арктиканың, джунгли мен мұхит жануарларын көруге болады. Арасында жер бетінде азайып, қызыл кітапқа енгізілген аңдар да бар. Шараны ұйымдастырушылар адамдардың назарын дүниежүзінде жануарлардың азайып бара жатқанына көңіл аударуды мақсат еткен. Ресми дерекке қарағанда соңғы 40 жылда әлемдегі омыртқалы жануарлардың  60 пайызы жоғалып кеткен.

Брюно Давид, мұражай директоры:

- Жер бетінде көптеген жануар жойылып, бүтіндей экожүйелер құрып жатыр. Мысалы жолбарыс жер бетінен жоғалып кетсе онымен байланысты экожүйеге де үлкен нұқсан келмей ме? Мақсатымыз адамдарға осыны түсіндіру.

Хабар 24 телеарнасы