384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия Сенаты 2019 жылдың бюджетін қабылдады

  • 452
  • UPD: 22:46, 23.12.2018
Италия Сенаты 2019 жылдың бюджетін қабылдады

Италия сенаты Брюссельмен көп дау туғызған келесі жылдың бюджетін қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатты 167 депутат қолдап, 78-і қарсы шықты. Тағы үш адам қалыс қалды. Енді заң жобасын Парламенттің төменгі палатасы бекітуі керек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Италия үкіметінің 2019 жылға арналған бюджеті Еурокомиссияның қарсылығына тап болған. Себебі Джузеппе Конте үкіметі бюджет дефицитін шамадан тыс асырып жіберген еді. Осыдан кейін Брюссель Италия бюджет дефицитін азайтпаса, санкция қолданатынын мәлімдеген. Екі арадағы келіссөз бірнеше аптаға созылып, ресми Рим бюджет дефицитін 2,4-тен 2,04% дейін азайтты.

Хабар 24 телеарнасы