384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Болгарияда билік иелері жалған құжат саудасына қатысты дауға қалды

  • 387
  • UPD: 09:04, 24.12.2018

Болгарияның белді шенеуніктерінің былығы ашылып қалды. Елдің вице-премьері, министрі мен еуродепутаттың жалған төлқұжаттар айналымына қатысы бар болуы мүмкін.

Полиция мәліметі бойынша саясаткерлер жалған сауда сертификаттары мен төлқұжаттар жасатып сатқан сыңайлы. Осылайша, шетелдік келімсектер заңды айналып, Болгарияның паспортына ие болған. Қылмыстық жүйе арқылы қанша адам Болгария азаматы атанғаны белгісіз. Дегенмен, заңсыз түрде төлқұжатқа жүзден астам адам қол жеткізіп үлгерген.   

Болгарияда азаматтардың туған жерін айғақтайтын жалған құжаттар негізінен Украина, Молдова мен Македониялықтарға  сатылған. Туу туралы куәліктің құны 5 мың еуро. Күніне қырыққа жуық жалған құжат таратылған көрінеді. Тәртіп сақшыларының назарына ілікпегенде, қылмыскерлер байлыққа белшесінен бататын еді. Алайда, азаматтық жөніндегі кеңестің бұрынғы қызметкері жасырын жүйе туралы біліп қояды. Осыдан екі жыл бұрын оған бұл жүйеге қосылу туралы ұсыныс жасалған. Бас тартып еді, көп ұзамай жұмыстан шығарылды. Қызметінен босату туралы бұйрықты бұрынғы әділет министрі шығарған. 

Людмил Илиев, журналист, саясаттанушы:

- Бұл былықтың бетін журналистер ашты десек болады. Редакциялардың біріне бір әйел хабарласып, алаяқтық жасаудан бас тартқан соң, жұмыстан қуылғанын айтады. Қазіргі кезде журналистердің жоғары лауазымға ие шенеуніктердің қылмысын әшкерелеуі сирек. Себебі олар құрған жүйесі мықты. Әрі бір-бірін жасырады. Сондықтан полиция қылмыстық топтың тамыры қайдан шыққанын оңайлықпен таба алмайды.

Алдын ала болжам бойынша алаяқтық жолмен төлқұжат сату идеясы вице-премьер Крассимир Каракачановқа тиесілі. Кей мәлімет бойынша ол әрбір македониялыққа сатылған құжаттан 500-ден мың жарым еуроға дейін алып отырған. Жалған құжат алғысы келетіндердің саны күніне 150-200 адамға дейін жеткен. Бұрынғы әділет министріне қысым жасап, қылмыстық жүйе туралы біле тұра, оған араласудан бас тартқан қызметкерден құтылуға мәжбүрлеген де Карачанов деген дерек бар.

Максим Бурмицкий, заң фирмасының директоры:

- Тергеу жүріп жатыр. Бірақ қанша жалған құжат берілгені туралы нақты дерек жоқ. Енді тергеудің аяқталғанын күтеміз. Ал жалған құжатпен азаматтық алғандардың мәртебесі қайта қаралады. Болгарияда ондай жағдайлар болған.

Әзірге ешбір шенеунікке ресми айып тағылылған жоқ. Ал олардың өздері бұған таңданып отырғанын айтады. Дегенмен, қазан айының соңында прокуратура туу туралы куәліктің шетелдіктерге заңсыз сату жүйесін әшкерелегінін мәлімдеді. Ол кезде бірнеше адамды тұтқындау туралы сөз қозғалған. Олардың қатарында жоғары лауазымды шенеуніктер бола ма, жоқ па оны тергеу амалдарының қорытындысы көрсетеді. 

Авторлары: Наталья Абильдина, Дмитрий Лукша

Хабар 24 телеарнасы