383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада босқындарға кім пана болды?

  • 280
  • UPD: 12:44, 25.12.2018
Еуропада босқындарға кім пана болды?

Су көлігіне мінген 300 босқын 28-29 желтоқсан күні Испания жағалауына жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін олардың Мальта мен Италия билігі қабылдаудан бас тартқан болатын. Кейін ресми Мадрид қамқорлығына алуға келісімін беріп, кеменің Испания аумағына кіруіне рұқсат етті. Мұны естіген Италияның Ішкі істер министрі Маттео Сальвини ресми Римның мигранттарды заңсыз тасымалдаумен айналысатындар мен контрабандашыларға қарсы екенін жеткізді. Ресми деректерге қарағанда жыл басынан бері Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 110 мың босқын келген. Олардың 56 мыңдайын Испания қабылдады. Дегенмен, биыл теңіз арқылы Кәрі құрлыққа ағылғандардың нөпірі былтырғымен салыстырғанда айтарлықтай азайған.

Хабар 24 телеарнасы