387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан бес рет валюталық нарықты реттеудің амалын жасады

  • 417
  • UPD: 07:29, 26.12.2018
Қырғызстан бес рет валюталық нарықты реттеудің амалын жасады Гордон

Америкалық доллар бағамының күрт өсуін болдырмау мақсатында Қырғызстанның ұлттық банкі биылдың өзінде бес рет валюталық нарықты реттеудің амалын жасады.

Қаржылық қадағалау институты АҚШ валютасына сұраныстың артуына байланысты осындай қадамға барған. Әлем экономикасының тұрақсыздығы, әріптестік орнатқан елдердегі санкциялық жағдай мен маусымдық сұраныс осыған себеп болды. Соңғы интервенция желтоқсан айының басында жасалған. Айырбас бағамын бір деңгейде ұстау үшін ұлттық банк бұл жолы 35 миллион доллар жұмсады. Жалпы, шетел валютасына тәуелділікті төмендету үшін былтыр үкімет долларсыздандыру бағдарламасын қабылдады. Мемлекеттік органдардың барлығы ұлттық валютамен есептесуге көшкен. Коммерциялық банктер несиені соммен береді.

Айта кетерлігі, соңғы үш жылда қырғыз банктеріндегі депозиттік және несиелік портфельдерінің доллардағы үлесі 17 процентке қысқарған. Ал несиені соммен беретін банктердің жинағы соңғы жылда 10 процентке ұлғайды.

Толкунбек Абдыгулов, Қырғызстанның ұлттық банкі төрағасы:

- Қазір банк жүйесі валюталық қатерге анағұрлым төзімді. Яғни АҚШ доллары немесе басқа да валютада берілген несиені төлеу кезінде бағамының өзгерісі банктерге бұрынғыдай ықпалын тигізе қоймайды.

Хабар 24 телеарнасы