384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжіңде қос донордың қатысуымен бауыр ауыстыру операциясы сәтті аяқталды

  • 815
  • UPD: 08:06, 26.12.2018

Осылайша әкесі мен әпкесі өз жақынының өмірін аман алып қалды.

Олар донор ретінде үйдің кенжесіне өз бауырының жартысын берді. 17 жастағы Ние есімді бозбала бауыр циррозына шалдыққан. Ағзаның маңызды органы ісініп кеткендіктен өз қызметін атқарудан қалған. Дәрігерлер баланың өмірін құтқаратын жалғыз амал трансплантация деп шешті. Қанның талдауы бойынша отбасы мүшелерінің ішінде әкесі мен апайының бауыры сәйкес келді. Бойы екі метрге жуық ірі денелі жігітке бір донордың органы жеткіліксіз еді. Оған трансплантация кезінде әкесінің бауырының 25 пайызы, апайының 30 пайызы салынды. Дәрігерлер 3 адамға бірдей ота жасау үшін 3D өлшемдік бейнесараптамасын пайдаланды. «14 сағатқа созылған күрделі операциядан шыққан үшеуінің де қазір жағдайы жақсы», – дейді ота жасаған дәрігерлер.

Науқастың әкесі:

- Мен ұлыма бауырымның сол жағын берсем, оған жеткіліксіз болар еді. Егер оң жағын берсем, бұл орган менің қажеттілігімді өтей алмай қалады. Басында не істерімді білмей қиналдым.

Науқастың әпкесі:

- Мен тексерілуге келдім. Дәрігер 9 айлық баламды емізуді тоқтату керек деді. Сол күні нәрестем жылай берді. Мен омыраудағы баламды да, өлім аузындағы бауырымды да аядым. Бірақ бауырым үшін бәріне дайын екенімді білдім.

Хабар 24 телеарнасы