384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сицилиядағы жер сілкінісінен 30-ға жуық адам жараланды

  • 324
  • UPD: 15:38, 27.12.2018

Сицилиядағы 4,8 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан 30-ға жуық адам зардап шекті.

Осыдан екі күн бұрын Еуропадағы ең белсенді және биік жанартау Этнаның атқылағанын айтқан едік. Табиғи құбылыстың соңы жер сілкінісіне ұласты. Ең қатты жер дүмпуі Катанияның солтүстігінде 25 шақырымдай жерде орналасқан Зафферан ЭтнЭа елді-мекенінде тіркелді. Өңірде көптеген ғимараттар қирап, тұрғын үйлердің қабырғалары жарылған. Қорыққан халық сыртқа шығып, көліктерінде түнеген. Абырой болғанда, жер сілкінісінен адам шығын келмеген.

Пьетро Д'амико, жергілікті тұрғын:

- Жер сілкініс салдарынан үйсіз қалдым. Баспанамның қабырғалары қирап қалды. Жер дүмпуі 10-15 секундтай жалғасты. Бұрын-соңды мұндай жағдайға тап болмағанмын. Аман қалғанымызға шүкір.

Хабар 24 телеарнасы