378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде Орта Азия елдерінен барған жастарды қолдау қауымдастығы құрылды

  • 495
  • UPD: 15:01, 27.12.2018

Орталық Азиядан келгендерге көмек. Сеулде осындай мақсатты ұстанатын жаңа қауымдастық құрылды. Ұйым құрамына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Тәжікстан студенттері кіреді. 

Орталық Азия. «Біз алып құрлықтың жастары» деп жан-жақтан келген студенттер Сеулде бас қосты. Жаңа жылдық мерекеге ұласқан салтанатта өзбек мейрамханасының аспаздары ұлттық тағамдарын ұсынды.

Орталық Азия елдерінің мәдениетін көбірек білгісі келген Сеул халқы мен шетелдіктер үшін Қауысдастыққа мүше жастар кештің ресми шарасын ағылшын тілінде өткізді.

Жаңа құрылған Қауымдастықта Қазақстанның да өз өкілі бар. Сеул ұлттық университетінің магистранты Жанар Егісбекова көп қырынан танылды. Кешті де жүргізді, би де биледі.

Жанар Егісбекова, Қазақстанның CASA-дағы өкілі:

- Біз тренингтар өткізбекшіміз, енді келетін студенттерге, жұмысшыларға, көмек ретінде справочниктарды жасамақшымыз. Оларға айына бір рет, аптасына бір рет жиналып, нетворкинг, яғни бір-бірімен танысып, бір-бірімен контакт алмасатын бір платформа ұйымдастырмақшымыз.

Қауымдастық Орталық Азия студенттеріне көмек көрсетіп, ел мәдениетін таныстырумен шектелмейді екен. Аралды қолдау қорын ұйымдастыра білген олар келер жылдан бастап отандастарға көрсетілетін қолдаудың ауқымы да кеңейді дейді.  

Мансұр Бабажанов, Өзбекстанның CASA-дағы  өкілі:

- 2019 жылы Қауымдастық өз қатарын толықтыра түсуді жоспарлап отыр. Біз Кореяда тұратын Орталық Азия елдерінің азаматтарына түрлі шеберлік сабақтарын ұйымдастырғымыз келеді. Өйткені сыртта жүрген адам көптеген қиындықтарға кезігіп жатады. Қоныс аударған адамға жаңа атмосфераға ену қиын. Бірақ оқу бағдарламаларының көмегімен Кореяда өмір сүру жеңіл болады деп сенеміз.

Қауымдастық мүшелерін ортақ аймақ, ұқсас мәдениет және тіл біріктіреді. Оларға шетелде бірге өмір сүру әлдеқайда оңай болады. Дәл осындай достық қарым-қатынас болашақта Орталық Азия халқын бұдан да жақындата түсеріне күмән жоқ.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы