386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда халық мекен-жай бойынша тіркеусіз жұмысқа тұра алады

  • 474
  • UPD: 14:21, 27.12.2018
Өзбекстанда халық мекен-жай бойынша тіркеусіз жұмысқа тұра алады

Өзбекстанда жұмысқа қабылдау кезінде тұрғылықты мекен-жайы бойынша қойылатын талаптар заңнамадан алынып тасталды.

Яғни бұдан былай азаматтар Ташкент қаласы мен оның аумағында уақытша тіркеусіз жұмыс істей алады. Ал оларды тіркеусіз жұмысқа қабылдаған мекеме бұрынғыдай тіпті жауапқа да тартылмайды. Көрші елде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіруге бағытталған кейбір заңнамалық актілер осындай өзгеріске ұшырады. Соның негізінде еңбек кодексіне де түзетулер енгізілді. Оған қоса кәмелеттік жас 16-ға  толып, түрлі жағдайлармен төлқұжатын уақтында ала алмай жүрген жастар да әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Бұның барлығы халық үшін жасалған игі іс, дейді депутаттар.

Расул Кушербаев, Өзбекстан заң шығару палатасының депутаты:

- Бұл заң жалпы халыққа әсіресе жастарымызға тиімді. Ташкент қаласы мен облыс аумағында жұмыс істегісі келетіндер өте көп. Бұл өз кәсібі бойынша еңбек еткісі келген жас кадрларға өте қолайлы болып тұр. Демек, жастар өздерінің мамандығы бойынша ешқандай кедергісіз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.

Хабар 24 телеарнасы