378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тбилисиде қоғамдық көлікпен қатынауға үгіттеу шаралары қолға алына бастады

  • 407
  • UPD: 07:50, 28.12.2018

Грузияда бір жарым миллион көлік тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан туәлік бойы көшелерде ұзын сонар кептеліс. Сарапшылар темір тұлпардың шамадан тыс көп болуына билікті кінәлап отыр. Олар «үкімет тұрғындарды қоғамдық көлікпен қатынауға үгіттеуі тиіс», - дейді.

Бүгінде Грузия тұрғындарының жалпы саны 3 миллион 700 мыңның шамасында. Бұл есепте балалар мен қарттар да бар. Ал жеңіл көліктің саны бір жарым миллионнан асқан. Яғни елдегі әрбір төртінші тұрғын темір тұлпарға ие.

Паата Байрахтари, экономист:

Грузияда автокөлік сатып алу, тіркеу және иелігіңде ұстау өзге мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Өйткені кейбір қызмет түрлері мүлде жоқ. Техникалық талапқа сай болуы керек деген міндеттің өзі жақында ғана енгізілді. Тіпті екінші қолдан алып, қайта құрастырып шықсаң да, құжатына ешкім мән бермейді. Сондықтан тұрғындардың бас-басына көлік бар. Қоғамдық көлік саласы дұрыс бағытта дамып жатқан жоқ. Оны Премьер-министрдің өзі де мойындады.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2012 жылы ел игілігіндегі көліктердің саны 349 мыңға көбейген. Жыл сайынғы өсім 8% құрап отыр. «Тұрғындар темір тұлпарды қажеттілік үшін ғана емес, жәй мақтаныш үшін де сатып алады», - дейді сарапшылар.

Давид Хуберашвили, тәуелсіз сарапшы:

Бәрінің көлік айдағысы келеді. Жергілікті тұрғындардың санасына сіңген үрдіс бұл. Олар қоғамдық көлікпен жүргенше өз көлігінде бірнеше сағаттап кептелісте тұрғанды тәуір көреді. Байлығын көрсету үшін үлкен машиналар сатып алады. Бұл тұрақ мәселесін қиындатады. Еуропа елдерінде болдым. Ол жақта көбіне көлікке 50-ден асқан кісілер отырады. Ал жастар мопедпен немесе велосипедпен жүреді. Бірақ бізде ондай қатынас құралы жүретін жолдар да дамымаған.

Енді тұрғындарды қоғамдық көлікпен қатынауға үгіттеу шаралары ел астанасы Тбилисиде мықтап қолға алына бастады. Шаһарда шағын автобустар кең әрі жайлы көліктермен алмастырылды. 2019 жылы жер үстімен қатынайтын метро станцияларын салу да жоспарда бар.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Татия Джанибегашвили, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы