389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилия климатқа қатысты саммитті өз елінде өткізуге ниетті емес

  • 510
  • UPD: 08:34, 28.12.2018
Бразилия климатқа қатысты саммитті өз елінде өткізуге ниетті емес

Бразилия билігі климатқа қатысты саммитті өз елінде өткізуге ниетті емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ел президенті Жаир Болсонару мәлімдеді. Оның айтуынша, саммит өткізуге қаржы тапшы. Ол жаһандық жылынумен күресте ықпалды ойыншы болудан бас тартатынын ашық білдірді. Тіпті 2019 жылы Бразилияның Париж келісімінен де шығатынын ескертті. Оған қоса, тұмса табиғаты қорғауға алынған аймақтарда тау кен өндірісі мен ауыл шаруашылығын жүргізуге рұқсат берді. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде Бразилиядағы Амазон сынды ормандар жойылып кету алдында тұр.

Сержо Брутэлла, саясаттанушы:

- Президент БҰҰ-ның климат туралы саммитін өткізуге мемлекетте қаражат жоқ деді. Бірақ негізгі мәселе бұл емес екенін бәріміз жақсы білеміз. Болсонару Трампқа еліктейтді. Егер АҚШ Париж келісімінен шықса, біз де соны қайталаймыз.

Хабар 24 телеарнасы