384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда 60 полицейге қылмыстық топпен байланысы бар деген айып тағылды

  • 409
  • UPD: 09:20, 28.12.2018
Бразилияда 60 полицейге қылмыстық топпен байланысы бар деген айып тағылды

Бразилияда әскери полицияның 60 жоғары лауазымды қызметкеріне қылмыстық топпен байланысы бар деген айып тағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы прокуратура 54 адамды қамауға алуға ордер берді. Қалған алты шенеуніктің қайда екені белгісіз. Оларды ұстауға полицияның 400 қызметкері жұмылдырылған. Күдіктілер сыбайлас болған қылмыстық топ есірткі сатып, ақша бопсалап, сыбайлас жемқорлыққа барған.

Айта кетейік, Бразилия әлемдегі криминалды елдің бірі саналады. Мемлекетте күн сайын жүздеген қылмыс тіркеледі.

Флавиа Лоузада, полицей:

Полиция қашып кеткен қылмыскерлерді табады деп сенемін. Қазір оларды іздестіруге бос қызметкерлердің бәрі жұмылдырылған. Меніңше сот бұл қылмыстық топқа тиісті жазасын беруі керек. Себебі, бұл жерде заңбұзушылық қана емес, полицейлердің абыройына нұқсан келтірілген.

Хабар 24 телеарнасы