387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда үкіметке қарсы ереуілдерден 19 адам көз жұмды

  • 512
  • UPD: 12:28, 28.12.2018
Суданда үкіметке қарсы ереуілдерден 19 адам көз жұмды

Суданда бір аптаға созылған үкіметке қарсы нарызылық шарасында 19 адам қаза тауып, 397 тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің ақпарат министрі мәлімдеді. Ал Amnesty International ұйымының ақпары бойынша наразылық шарасында 37 ереуілші көз жұмған. Сондай-ақ Судан билігі соңғы көтерілісте бүлік шығарған «Тахрир ас-Судан» қозғалысының басшысын іздестіру үшін Полиция қызметіне жүгінетіндігін жеткізді.

Айта кетейік, Суданда ереуіл өткен аптадан бері жалғасып жатыр. Себеп – нан бағасының көтерілуі. Елдің бірнеше қалаларында төтенше жағдай тәртібі енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы