384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда зиянды тағам өнімдері жарнамасына тыйым салынды

  • 674
  • UPD: 12:12, 29.12.2018

Түркиядағы радио және телеарналарға балаларға арналған бағдарламалар уақытында зиянды тағам өнімдерін жарнамалауға тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің ресми газетінде жарияланды. Осыған сәйкес, Экономика министрлігінің коммерциялық жарнама туралы ережесіне өзгеріс енгізілді. Осыған сәйкес арналарда шоколад, қант, қытырлақ картоп, энергетикалық сусындардың жарнамасын жасауға тыйым салынды. Ал ересектерге арналған бағдарламалар барысында жарнама жасалған жағдайда экранының төменгі бөлігінде жылжымалы жолақта жазбаша ескертулер көрсетілуі міндеттелді. Сондай-ақ министрлік фирмалардың маркетингтік әдіс бойынша балаларға өнімдерін сыйға таратуына да тыйым салды. Аталмыш ережелерді бұзушылар айыппұл төлейтін болды.

Дилек Бекташ:

Екі қызым бар. Олар 6 жасқа келгенге дейін газды сусындар мен денсаулыққа зиян тағамдарды жемей өсті. Алайда мектепке бастағалы бұл жағдай өзгерді. Арналарда көрсетілетін жарнамалар да бұған елеулі әсер етті. Үкіметтің бұл шешімді қабылдағанына қуаныштымын. Кеш болса да, ештен жақсы.

Хабар 24 телеарнасы