389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада мұғалімдер еңбек ету жағдайларын жақсартуды талап етті

  • 480
  • UPD: 08:17, 30.12.2018
Польшада мұғалімдер еңбек ету жағдайларын жақсартуды талап етті

Поляк мұғалімдері биліктен еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, наразылық шеруіне шықты.

Ұстаздар алдымен үкіметтен жалақы көлемін 230 еуроға көтеруді талап етті. Мамандардың айтуынша, Польшада соңғы уақытта мұғалімдердің айлық көлемі бойынша айырмашылық ұлғайған. Сондықтан Ұстаздар одағы наразылық акциясын өткізуге бекінді. 

Анджей Кулматцкий, Варшава ақпарат департаментінің баспасөз хатшысы:

- Келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Ол кем дегенде 16 пайызға өседі. Содан кейін еңбекақы тағы 2 жыл бойы арттырылатын болады. Ал наразылық шарасына қатысты мұғалімдердің көбі науқаспыз деп, бірнеше апта бойы жұмысқа шықпай отырғанын естідім.

Хабар 24 телеарнасы