384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде танымал басылым ғимаратының маңында көліктер өртеніп кетті

  • 501
  • UPD: 14:08, 30.12.2018

Париждегі «Лё Пағизиең» (Le Parisien) газеті ғимараты жанында өрт болып, 8 көлік пен 1 мотороллер жанып кетті.

Шаһардағы метроның 1 бағытындағы қозғалыс тоқтатылды. Алдын ала мәліметке қарағанда бір көліктегі ақаудан от тұтанып, ол қалған машиналарға таралған.

Айта кететін жайт, осы оқиғаға дейін сары күртешелер бірнеше телеарнаның алдында наразылық акциясын ұйымдастырған. Бірақ шеруішілердің өртке қатысы бар-жоғы белгісіз. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы