383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей астанасында «Мұзды Мәскеу» фестивалі ашылды

  • 535
  • UPD: 13:56, 30.12.2018
Ресей астанасында «Мұзды Мәскеу» фестивалі ашылды

Ресей астанасында дәстүрлі жаңа жылдық «Мұзды Мәскеу» фестивалі ашылды. Салтанатты шара ежелгі грек және өзге театрлар қойылымдарынан басталды.

Көреремендер бір сәтке 10 ежелгі өркениет әлеміне сапар шеккендей күй кешті. Түрлі мүсіндер мен мұздағы жарықтар, қуыршақ театр жиналғандардың көңілінен шықты. Шараны ұйымдастырушы Александр Ковтунецтің айтуынша, биыл фестивальде интерактивті мұз мүсіндермен бірге ежелгі  замандағы әйгілі мүсіндер де соғылған.

Александр Ковтунец, «Мұзды Мәскеу» жаңа жылдық фестивалінің авторы

- Мұзды  Байкалдан, Свердлов облысынан және Архангельсктен әкелдік.  Фестивальде мұз мүсіндердің үш павильоны ашылды. Биылғы жылдың тақырыбы «Ұлы өркениеттер». Қазіргі кезде адамдардың тарихқа үңіліп, мәдениетті оқып зерттеуге уақыты жоқ. Ал мұнда демалып жүріп, білім көкжиегіңді кеңейтесің.

Хабар 24 телеарнасы