384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия парламенті Джузеппе Контеге сенім білдірді

  • 425
  • UPD: 15:29, 30.12.2018
Италия парламенті Джузеппе Контеге сенім білдірді

Италия парламентінің төменгі палатасы Джузеппе Конте үкіметіне сенім білдіріп, келер жылдың бюджетін талқылауға кірісті. Заң жобасы 31 желтоқсанға дейін қабылдануы тиіс.

Еске сала кетейік, Италияның 2019 жылға арналған бюджеті ел ішінде де еуропалық одақ шеңберінде де көп мәселе тудырған. Оған Конте үкіметінің бюджет дефицитін арттырып Еуропалық норманы бұзуы түрткі болды. Еурокомиссия Римнен бюджет жобасына өзгертулер енгізуді талап етіп, оны бірнеше рет кері қайтарды. Нәтижесінде Италия үкіметі бюджет дефицитін  2,4 пайыздан 2,04 пайызға қысқартты.

Хабар 24 телеарнасы