389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде оқушылар сәби жатқан арбаға петарда лақтырған

  • 438
  • UPD: 16:11, 30.12.2018
Ресейде оқушылар сәби жатқан арбаға петарда лақтырған © kherson.net.ua

Ресейдің Тверь қаласында мектеп оқушылары 10 айлық сәби жатқан арбаға петарда лақтырған.

Ресей тергеу комитетінің өңірлік басқармасы жергілікті БАҚ-та тараған хабарламаны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

«БАҚ мәліметінше, 27 желтоқсанда Тверь қаласындағы Маршал Конев көшесінде орналасқан үйдің кіреберісінде мектеп оқушылары он айлық сәби жатқан арбаға петарда лақтырған», - делінген хабарламада.

Сәбидің анасы петарданы арбадан сілкіп, қыз баланы қолына алып үлгерген, бала оқиға салдарынан зардап шеккен жоқ.

«БАҚ-та айтылған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеуалды тексеріс жұмыстары ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді комитеттегілер.

Хабар 24 телеарнасы