378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың жалпы ішкі өнімі 6,5% құрады

  • 1339
  • UPD: 19:52, 30.12.2018

Биыл Қытайдың экономикалық өсімі 6,5% жетті. Бұл туралы Мемлекеттік статистика басқармасының өкілі Мао Шэньюн мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, әлемдік экономика һәм геосаясаттағы сын-қатерлерге қарамастын елде жұмыссыздық пен инфляция қалыпты деңгейде сақталған.

Нұрбек Бекен, Twitter @Nurbekenov:

Қытай қарашаның макроэкономикалық қорытындысын шығарды. Статистикаға сенсек бәрі биліктің жоспарына сай. Тұтыну мен инвестиция көлемінің тұрақты өсімі бар. Әсіресе, ішкі тұтыну мен экспорт көлемінің даму динамикасы жаман емес.

АҚШ сауда текетіресі жүріп жатқандықтан, қазір Қытай статистикасына көп ел көз тігіп отыр. Халықаралық нарық әлемдегі екінші ірі экономикаға мұндай соққының қалай әсер ететітін білгісі келеді. Дегенмен, қарашаның көрсеткіші жақсы болса да, өнеркәсіп өндірісінің қарқыны бәсеңдеген. Осыдан 3 жыл бұрынғы деңгейді көрсетіп отыр. Ал құрылыс, модернизация және жаңа жабдық алу бойынша Қытай алдыңғы қатарда. Оның көлемі 6% жуықтады.

Мао Шэньюн, ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасының ресми өкілі:

- Өнеркәсіптік өндірістің даму қарқыны 5,4% құрады, ал тұтынушылық тауарларды жекелей сату 8% артты. Қызмет көрсету салалары мен инвестиция жақсы дамып келеді.

Қытай Мемлекеттік статистика басқармасының мәліметінше, қазір ішкі жалпы өнімнің өсіміне ішкі тұтынудың әсері мол. Оның экономикадағы салыстырмалы үлесі жылдан жылға артып келеді. Мао Шэньюн тарифитік даулардың Қытай экспорты мен импортына залал келтірмегенін айтты. Биыл елде 13 миллионға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Нұрбек Бекен, Twitter @Nurbekenov:

Қытайдың ірі 30 қаласындағы жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады. АҚШ-тың Қытай тауарларына қымбат салық салуы экономиканың кейбір тұстарына ғана әсер етті, дейді. Оның сөзінше билік сыртқы нарықтағы жағдайды жедел бақылап, ұлттық экономиканы реттеу үшін дер кезінде қам жасап отыр.

Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Хабар 24 телеарнасы