388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дайверлер су түбіне жаңа жылдық шырша орнатты

  • 527
  • UPD: 16:28, 31.12.2018
Дайверлер су түбіне жаңа жылдық шырша орнатты

Қазан мемлекеттік медицина университетінің «Бентос» сүңгуірлер клубының дайверлері қала маңындағы Көк көлдің түбіне жаңажылдық шыршаны түсірді, деп хабарлайды  агенттігі клубтың директоры Андрей Торбинге сілтеме жасаған ТАСС.

«Шырша көлдің түбіне, 8 метр тереңдікке түсірілді. Су түбінде клубтың 15 қатысушысы шыршаны айнала «билеп», ән шырқады, шарап ішті», - дейді ол.

Торбиннің айтуынша, көл түбіне шырша түсіру дәстүрі 1979 жылдан бері өткізіліп келеді. Шырша су түбінде ескі Жаңа жылға дейін тұрады. Денсаулығына қауіп болмаса, кез келген адам су түбіне түсіп, ерекше шыршаны көре алады. Ал көл түбіне түспек болғандар арнаулы нұсқаулықпен танысып, инструкторлардың қадағалауында болады.

Хабар 24 телеарнасы