389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия халқы жаңа жылға зор үміт артып отыр

  • 637
  • UPD: 21:10, 31.12.2018
Сирия халқы жаңа жылға зор үміт артып отыр

Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқа. Бұл Сирия халқының тілегі. Ия, шам еліндегі шиеленіс біржола шешілді деуге ерте шығар.

Дейтұрғанмен, елдегі ахуал сәл жақсарып, елдің үміт оты оянды. Бұл ретте Астана процесін өткізіп, бейтарап алаң ұсынған Қазақ еліне айтар алғыстары көп. Жергілікті жұрт көп ұзамай қираған қалалар қалпына келіп, босып кеткен жақындары қайтып оралады деген үмітте. 

Блиц:

Әйел: Енді бәрі жақсарады деген үміттемін. Адамдар жайлы өмір сүріп, қираған жерлер толықтай қалпына келсе деймін.

Ер азамат: Жағдайымыз жақсарып келе жатыр. Дүкенге келушілердің саны аздап артты. Алдағы жылы туризм дамып, елімізге қонақтар жиі келгені тамаша болар еді.

Қыз: Әкем қазір Сирияда емес. Сондықтан әкем тезірек елге қайтса деп тілеймін. Онымен қайта қауышқым келеді. Ағам да қазір Германияда. Оны да қатты сағындым. Жақын адамдарым елімізге қайтып, барлығымыз бірге болсақ деймін.

Хабар 24 телеарнасы