419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай кинотеатрлары өткен жылы толайым табысқа кенелді

  • 739
  • UPD: 15:35, 01.01.2019
Қытай кинотеатрлары өткен жылы толайым табысқа кенелді РИА Новости

Олар 11 айда 8,2 миллиард доллар пайда тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 11% артық. Елдің мемлекеттік кинематография басқармасы осындай мәлімет таратты. Соның ішінде отандық фильмнің табысы 64% үлесті алады. Көрші елдің алып нарығын жаулап, өз өнімдерін көрсетуге шетелдік кинокомпаниялар да құмар. Өйткені қалың көрермені бар мемлекеттен түсетін пайда шаш етектен. Кинопродюсер Джонатон Шэннің айтуынша, Қытай кинотеатрларында шетелдің фильмдері дубляждалып немесе түпнұсқада субтитрмен беріледі. Сондай-ақ шетелдік өнімдерді ішкі нарықта көрсеткенде, кинотеатр немесе телевидение дубляждап, субтирмен беру керек деген талап бар. Бұл әлемде кең тараған тәжірибе әрі жергілікті аудиторияға аса қажет дүние.

Джонатон Шэнь, «Shine Work Pictures» компаниясының төрағасы:

- Шетелдің өнімі қандай бір мемлекетте көрсетілетін болса, сол халықтың тіліне аударылуы керек. Жергілікті тілге дубляждау, аудармасын жасау қалыпты жағдай әрі дұрыс қадам. Себебі, туындының түпкі мағанасы түсінікті әрі қызықты болуы үшін жергілікті көрерменнің ана тілінде сөйлегені жөн. Бұл сол елдің көрермендеріне деген құрмет деп те ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы