387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапондықтар үшін биылғы жаңа жыл ерекше басталды

  • 598
  • UPD: 13:41, 01.01.2019

Ел бойынша түрлі-түсті жаңа иллюминациялар іске қосылып, халық тарапынан қызығушылық тудырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күншығыс елі өткен жылмен салыстырғанда биыл қалаларды әсемдеп-әрлеу жұмысын баса назарға алған.

Мына инсталляция «Жұлдыздар бағы» деп аталады. Токионың орталығында орналасқан. Мерекелік туынды 200 мың жарықдиоттық шам және 100 домалақ пішіндес жарықшамнан тұрады. Сондай-ақ түрлі-түсті шоуды музыка көмкереді. Ал мынау - Токиодағы ең танымал сауда кешені. Мегаполистегі ең әдемі жаңажылдық иллюминация осы. 250 мың түсті шамнан құралған. Жыл сайын дәстүрден жаңылмайтын ерекше көріністерге дисней мултьфильмдері себеп болады. Бұл жолы дизайнерлер «Рапунцель» және «Холодное сердце» мультфильмдерін негізге алған.

Токио қаласының тұрғыны:

Өте тамаша ойластырған. Қала түрлі түске боянды.

Дизайнерлер шамдарды қолдану арқылы сауда кешендерінің жұмысын жандандыра түсуді мақсат санайды. Былтыр ғажайып шоуды жарты миллион адам тамашалыпты. Яғни дүкендер мен мейрамханар келушілерге лық толып, сауда қыза түскен. Токионың басты көшелері де жарық шамдармен әрленді. Жол бойындағы ағаштарды жарықтандыруға 900 мыңдай шам пайдаланды.

Токио қаласының тұрғыны:

- Меркелік көңіл-күй сезіледі. Көшеде жүрген тұрғындар, қонақтар суретке түсіп, көңілдерін көтеріп жатыр.

Биылғы жылы әсем әрленген көшемен туристерге арналған автобус тегін қатынайды. Яғни, көз тартатын шоуды көлікен қарауға да болады.

Хабар 24 телеарнасы