426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Магнитогорскідегі апат: Үйінді астынан 11 айлық сәби тірі табылды

  • 1292
  • UPD: 21:44, 01.01.2019

Құтқарушылар Магнитогорскідегі қираған үйдің астынан 11 айлық нәрестені алып шықты.

Абырой болғанда, шақалақ аман. Үйінділердің астынан баланың жылаған даусын естіген құтқарушылар оны дереу алып шығуға тырысқан. Қазір нәресте ауруханаға жеткізілген, дәрігерлер ауыр жарақат алғанын айтады. Естеріңізге салсақ, Магнитогорскіде желтоқсанның 31-де таңғы сағат 4-тер шамасында 9 қабатты үйде тұрмыстық газ жарылды. Салдарынан 26 пәтерлік тұтас бір подъезд опырылып ортасына түсті. Аталған пәтерлерде 46 адам тұрған. Соңғы түскен деректерге сәйкес, 8 адам мерт болды. Бес адам, оның ішінде 13 жасар жеткіншек құтқарылды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген, біреуі ауыр халде. 35 адамның тағдыры әлі белгісіз. Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, тұрмыстық газды қолдануда сақтық ережесі өрескел бұзылған. Бұған дейін ғимараттың опырылу қаупіне байланысты құтқару жұмыстары тоқтатылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы