386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


НАСА зонды қашықтықтағы ғарыш нысанына жақындады

  • 633
НАСА зонды қашықтықтағы ғарыш нысанына жақындады

«New Horizons» немесе «Жаңа көкжиек» деп аталатын НАСА-ның зонды тарихи миссиясын орындауға шақ қалды.

Дәлірек айтқанда, автоматты планетааралық зонд адамзат зерттеуіне іліккен ең алыс ғарыш нысанына бір табан жақындады. Ежелгі күн жүйесі уақытынан бергі астероид ғарыш мамандарының арасында «әлемнің шеті» деген лақап атаумен белгілі. Ол жер планетасынан 6,4 миллиард шақырым қашықтықта орналасқан. Ғалымдардың пікірінше, астероид диаметрі 30-40 шақырымды құрайтын бірыңғай емес пішінде, немесе, 2-3 астероидтан құралған ғарыштық нысандар тобы болуы мүмкін. Оның түрлі-түсті суреті ертең дайын болады деп күтілуде.  

Хабар 24 телеарнасы