427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Магнитогорскіде опырылған үйдің маңында автобус өртінен 3 адам қаза тапты

  • 619
  • UPD: 10:06, 02.01.2019

Магнитогорскідегі опырылған тұрғын үйдің маңында маршруттық шағын автобус өртеніп, салдарынан үш адам қаза тапты.

Бұл туралы Челябі облысының губернаторы Борис Дубровскийдің ресми Telegram каналында айтылды. Сондай-ақ онда жарылысқа себеп көлікте болған екі газ баллоны делінген. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мен федералды қауіпсіздік қызметі жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайдың куәгерлері әлеуметтік желіге жарылыстың видеосын жүктеген.

Хабар 24 телеарнасы